Сапарбаев үкіметте отырған бір жылдың ішінде несімен есте қалды?

11 қыркүйек

Бүгін Қазақстан президентінің жарлығымен Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары қызметінен алынып, Ақтөбе облысына әкім болып тағайындалды.

сапарбаев Осы орайда  Қамшы порталы Бердібек Сапарбаевтың бір жыл үкіметте отырғанда атқарған істерін саралап көрді. Үкімет жасағына қосылғанына бір ғана жыл болғанымен, Бердібек Сапарбаев халықтың көз алдында әдеттегі тынымсыздығымен қалды. Бір жыл, әрине, аз уақыт емес. Cонымен, Сапарбаев бір жыл ішінде не тындырды? сапарбаев - 01 Бердібек Сапарбаевтың үкіметтегі  бір жылдық қызметіне қарап, ұялмай сөз етерлік біршама ауқымды шаруалар атқарылғанына куәміз. Экономика болсын, әлеуметтік сала болсын, руханият саласы болсын, Сапарбаевтың мәселелерді шешуге белсенді түрде араласқанын байқауға болады.
Осы тақырып бойынша оқыңыздар: Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды
Әсіресе, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің ізіне шам алып түскенін ешкім ұмыта қоймаған болар. «Еліміздің жоғарғы оқу орындарын Бас прокуратураға жаппай тексертемін. Саналы студент емес, болашақ жұмыссыздарды әзірлеп жатқан  университеттер мен колледждердің есігіне қара құлып салынады. Облыстарды айтпағанда, Астанадағы мақтаулы екі оқу орнын көріп ұялдым», – деген болатын Бердібек Машбекұлы. сапарбаев - 02 Реформа қуғыш Білім министрін қатал сынға алды, Астанада отырып алып аймақтағы былықты білмейтін  Сәрінжіповтің шаңын қақты. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға да біраз шүйлігіп, «Сылбыр жұмыс істейсіздер» деп сынады. Әсіресе, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлының да шаңын қағып алған. Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау да дәл осы Бердібек Машбекұлының ықпалы жоғары екенін атап өтпеске болмайды. «Иә, Бердібек Сапарбаев бір жыл ішінде өзіне де, өзгеге де тыным бермеді. Кабинетте отырмады», – деп жазады портал. Еске сала кетейік, бірнеше жыл бойы Шығыс Қазақстан облысында әкім болған Бердібек Сапарбаев үкіметке ауысатын кезде, облыс тұрғындары онымен жылап қоштасқан болатын.