Белов-Поткин Қазақстанда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған деп айыпталуда
2015 ж. 09 қыркүйек
2088
0
Ресейдің ұлтшыл заңсыз миграцияға қарсы қозғалысының жетекшісі, қамаудағы Александр Белов-Поткинге жаңа айып тағылды. LifeNews сайытының Белов-Поткиннің адвокаты Иван Мироновқа сілтеме жасап хабарлауынша, орыс ұлтшылына Қазақстанда мемлекеттік төңкеріс жасауды ұйымдастырмақ болды деген айып тағылған.
“Русские” қозғалысы жетекшілерінің бірі Александр Поткин 2014 жылдың 15 қазанында Мұхтар Әблязов басқарған “БТА Банкке” қатысты іс аясында ұсталған. Оған алғаш заңсыз жолмен табылған мүлікті заңдастырды деген айып тағылған.
Тамыз айында Белов-Поткинге экстремистік іс-әрекет жасауға жария түрде шақырды деген айып бойынша тағы бір іс қозғаған.
Қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов 2013 жылдың тамызынан бері Францияда қамауда отыр. Францияда ол Ресей мен Украинаның Қазақстан билігі таққан қаржылық алаяқтық жасады деген айыппен экстрадициялау туралы өтініші бойынша ұсталған.
Әблязовтің өзі айыбын мойындаған жоқ.
Дереккөз: Азаттық