Тұрғындардың күйзелісіне тұрақсыз экономика әсер етеді ме?!.
2015 ж. 06 қыркүйек
1950
0
Атыраудағы №2 сотта өзгеше іс қаралды деп жазады Ақ жайық.
Ұлты өзбек келіншк қарызын қайтаруға кепілдік ретінде қайын әпкесінің құлағынан алтын сырғасын жұлып алған.
Қайын әпкесі одан сәуірде 20 мың теңгені қарызға алған, ал келісілген мерзімде тек үш мыңын ғана қайтарған.
Ашынған келін күйеуімен мәселені шешу үшін қайын әпкесінің жұмыс орнына барып, алдымен оны соққыға жығып, құлатып, жерге сүйрелеп, құлағынан сырғасын (сырғаның бағасы қайтарылмаған нақты қарыз сомасын – 17 мың теңгені құраған) жұлып алған. Оны тек қарызын өтегеннен кейін ғана қайтаруға уәде етеді.
Зардап шегуші, ол да Өзбекстан азаматшасы, полицияға шағымданды. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, зиянның өтелгенін, өзіне борышкер әйелмен татуласқанын хабарлап, соттан қылмыстық істі тоқтатып, қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтінді.