Қытайда сотталған 5 қазақстандық жазасын өтеу үшін елге жіберілді
2015 ж. 01 қыркүйек
2176
0
2011 жылғы Қытай мен Қазақстан арасындағы келіссөзге сәйкес, Қытайда сотталған 5 қазақстандық елге жіберілді.
Қазақстан 2013 жылы қол қойған құжатты ресми Бейжің ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінде күні болатын. Аталған келісім Қытай түрмесіндегі қазақстандық азаматтардың жазасын өз елінде өтеуіне мүмкіндік береді.
Алайда, Қазақстанға ауыстырылған сотталушылар арасында 21 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай жоқ деп жазады 7news.kz.
Ақжарқын Тұрлыбай есірткі тасымалы үшін Қытай заңы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Ол өткен жылдың наурызында Гуанчжоу әуежайында ұсталды.
Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Ернұр Уәлидің айтуынша, Ақжарқын әлі Қазақстанға ауысу туралы өтініш жасай алмайды. Өйткені, аталған құжат толығымен реттеліп, күшіне енгенге дейін біраз уақыт керек. Прокуратура өкілінің айтуынша, сотталушылар Қазақстанға келген соң, тура Қытайда алған жазаларын өтейтін болады.
Ал Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов Қазақстан президентінің Қытайға ресми сапары барысында қол қойылған құжаттың үлкен үміт сыйлап отырғанын жазды.
«Мен екі ел басшыларының шешімін құптаймын. Бұл Қытайда сотталған Қазақстан азаматтарының елге экстрадациялануына септігін тигізеді», – деген құқық қорғаушы.
Еске сала кетейік, екі жыл бұрын Қытай түрмесінде жазасын өтеген жаңазеландиялық Дэнни Кенсиан елдегі түрме жағдайының тым ауыр екендігін айтқан болатын.
«Таңғы асқа берілген қайнатылған күрішті 10 минут ішінде жеп тастау керек болатын. Түскі асқа күріш пен пісірілген орамжапырақ беретін. Ал кешкі асқа исі жаман, жеуге ауыз бармайтын тамақ береді. Түрме әдетте өлген доңыздарды сатып алады», – деді Дэнни Кенсиан.
Дереккөз: NUR.KZ