Парадокс: халық 40 теңгеге нан ала алмайды, Ұлттық банк төрағасы 40 мың долларға сағат алады
2015 ж. 27 тамыз
2654
0
Әлеуметтік желі пайдаланушылары Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетовтің қолынан танымал швейцариялық Patek Philippe маркасына тиесілі құны $43 мыңдық сағатты байқап қалған.
«Қайрат Нематұлының сағатының бауына қарағанада, бұл Patek Philippe. Сұрақ: бұл сағат қымбат па?», – деп мамандарға сауал тастады Alibek Zhumagul есімді пайдаланушы өз Facebook парақшасында.
Ол фотоларды жазбасына қоса тіркеген: сағатын анық байқауға болатын Келімбетовтің фотосы және банкирдікіне ұқсас Patek Philippe маркасының сағаты. Мұндай сағат $42,995 тұрады.
Пайдаланушылар Келімбетовтің қымбат сағатына қатысты әзілдерін де жаудырып үлгерген.
“Алматының Пассажында 9999 теңге. 3 жылға кепілдігі бар. Жапондық механизм”, – деп жазған Рүстем Ғалиев.
Patek Philippe S.A. (Пате́к Фили́пп) — “люкс” санатындағы сағаттар жасап шығаратын швейцариялық компания. 1839 жылы эмигрант Антонио Патек пен француз сағатшысы Адриан Филип негізін қалаған.
Бұл марканың сағаттары әлемдегі ең қымбат сағаттар қатарында. Фирманың белгісі – испаниялық Калатрава орденінің кресі; дәл осы Calatrava атауымен модельдің алғашқы түрі шығарылады ($10 мыңнан бастап).
Еске салсақ, жақында интернет Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Дмитрий Песковтың $620 мың тұратын қымбат сағатын қызу талқыға алған болатын.