Жамалиевтің туыстары танымал жүргізуші Динара Сәтжанға қоқан-лоқы көрсетті
2015 ж. 12 тамыз
4883
3
11 тамыз
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанды Қайрат Жамалиевтің туыстары қорқытып келген. Бұл туралы тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасына жазды деп хабарлайды NUR.KZ.
«Қайрат Жамалиевтің үкіміне қатысты пікір жазғым келмеді. Себебі, оның туған әпкесі Зәуреш Баймағамбетовамен сөзге келіп қалдым. Әліби туралы әлеуметтік желіге жазғаным сол еді, ол Фейсбук арқылы менің бұл ісім үшін өкінетінімді айтып, қорқыта бастады. Осыдан соң, мен оны блокка қойып тастадым. Шыны керек, мен ол оқиғаны естігенде үндемей отыра алмадым. Өйткені, бұл шектен шығу болатын! Мен Зәуреш Баймағамбетованы жақсы түсінемін, бұл өте ауыр жаза. Әйтсе де, әлеуметтік желіде аталған оқиғаға үн қосқандарды кінәлау әбестік. Мені жайыма қалдырыңыз!», – деп жазады Динара. Осыдан соң, Nespi.kz сайты тележүргізушімен байланысқа шығып, жағдайын сұраған. «Сол жазбадан соң, достарым мен әріптестерім телефон шалып, қолдау көрсетуде. Менің Зәурешпен танысқаныма көп болған жоқ. Оның ойынша, оқиғаға кінәлі біздер екенбіз. Қазір Әлібидің отбасы да қуанышқа кенеліп отыр дей алмаймын. Бұл екі отбасы үшін де ортақ трагедия. Алайда әркімнің заң алдында жауап беретінін ұмытпайық», – дейді тележүргізуші. Еске сала кетейік, Әліби Жұмағұловты өлімші етіп ұрғаны үшін астаналық кәсіпкер Қайрат Жамалиев 13 жылға сотталған болатын.Дереккөз: Nur.kz