Халал сырахана жұрттың жағасын ұстатты
2015 ж. 28 шілде
4209
7
Саудасын қыздыра түсу үшін «халал» тіркесін пайдалану соңғы уақытта сәнге айналғаны анық. Тіпті жақында халал сыра деген де ұғым пайда болды. Оған тұрғындар наразы, - деп хабарлайды 31 арна.
Алматыны бейберекет ілінген жазуларға қарап нағыз халал қала деп атауға болады. Кафе мен дүкенді қоспағанда, халал тіркесі монша, спортзал, ойынхана, стоматология, тіпті көлік жуу мен жөндеу орталықтарына дейін бар.
Қаланың шетінде орналасқан Айнабұлақ ықшамауданында халал сыра деген сырахана пайда болған.
Сырахананың ашылғанына үш жыл болғанымен де «халал» деген жазуы жақында жазылыпты. Тұрғындардың наразылық танытып жатқаны да сондықтан.
Халал сырахананың иесі Ханболат Сардаров деген азамат. Айтуынша, сыра емес кәуаптары халал екен. Жарнаманы дұрыс қоймағанын өзі де мойындайды.
Мәселен, 2012 жыл Оңтүстік астанада халал қызметтін ұсынушы 100-ге жуық мекеме болса, енді оның саны бірнеше еселене түскен.
Источник: 31 канал