Еліміз бір жылда қалыңмал үшін 5 млрд теңге жұмсаған
2015 ж. 25 шілде
3456
6
2014 жылы қазақтар қалыңдықты сатып алу үшін 5 млрд теңге жұмсаған. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген National Business басылымы хабарлайды.
Басылым жағдайы төмен отбасылардың келіншектің қалыңмалы үшін 50-100 мың теңге аралығында беретінін жазған. Ал орта жағдайлы отбасылар $1 мың – $3 мың көлемінде қалың мал беруге дайын. Дәулетті жанұялар келіннің қалың малы үшін $5 мыңнан жоғары төлейді. Қалыңмал көлемі қалыңдықтың жоғары біліміне, іс-қимылдарына, қолынан келетін ісіне және тұратын аймағына қарай өзгеріп тұрады. Арнайы қалыңмалдан бөлек, келіншектің анасына арналған "Ана сүті" және туған-туыстары мен ата-анасына тартылатын "Өлі -тірі" атты қосымша сыйлықтар бар. Қазақстаннның 65 пайызы қазақтар екенін ескерсек, 2014 жылы 103 563 той болған. (2014 жылы Қазақстанда 159 328 рет неке қиылды, бұл алдағы жылғы көрсеткіштен 5,4 пайызға төмен). Жалпы алғанда қалыңдықтың қалыңмалын төлеу үшін 5 млрд теңге көлемінде шығын кеткен. Көп жағдайда келіншектің қалыңмалы ретінде $1 мыңнан кем бермейді. Ал көрімдік үшін 2,1 млрд теңге жұмсалған. Бұл – жаңа туған сәбиге берілетін ақшалай сыйлық. Көрімдіктің орташа құны 2 -5 мың теңге аралығында.Дереккөз: Nur.kz