Майра орыс тілін қазақша қақпайтын қазақ шенеуніктері үшін үйреніп жүрген шығар...
2015 ж. 04 шілде
7886
12
"Тыңдармандар Майра Мұхамедқызын орысша қате жазғаны үшін сынға алды. Қазақстан атын әлемге танытқан опера әншісі Майра Мұхамедқызының Instagram-дағы жазбаларында орфографиялық қатені көп жіберетіні жазылушыларына ұнамай қалды, "-дейді Nur.kz порталы.
Әйгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы Қытайда дүниеге келген қазақтың дарынды қызы. Ал Майра туған Қытайда да, ол ән салып жүрген әйгілі әлем сахналарында да орыс тілінің бір тиынға қажеті жоқ. Сондықтан Майраға орыс тілін жетік білудің қажеттілігі тумаған. Керісінше ол миллиардтар сөйлейтін ең қиын тіл-қытай тілін, әлемдік қатынас тілі -ағылшын тілін және т.б. тілдерді жақсы біледі. Ал бұл әйгілі тілдерді игеруге Майраны "Ресейдің мемлекеттік тілін білмейді" -деп кінәлап отырғандардың шүйіріп отырған мұрындары иісін де сезбейді... Майра орыс тілін үйреніп жүрсе... Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр өтсе де, қазақша қақпайтын, Қазақстанды әлі Ресейдің отары санайтын қазақ шенеуніктері үшін үйреніп жүрген шығар...Қ. Сейхұнұлы
qazaquni.kz