Тасмағамбетов: Қазақстан армиясының жағдайы жеткілікті жақсы деңгейде тұр
2015 ж. 03 шілде
2375
0
Ведомствоның алқа отырысы барысында Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан армиясының жағдайын жоғары бағалады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, Қорғаныс министрлігінде алқа мәжілісі өтті. Онда қазақстандық армияның жауынгерлік әзірлігінің өзекті мәселелері қаралып, 2015 жылғы бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындысы шығарылды.
Алқа мәжілісіне министрлік басшылығы, департамент және басқарма басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, әскери оқу орындары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары, сержанттар құрамы қатысты.
Іс-шара барысында Қарулы Күштердің сапалық жай-күйімен байланысты мәселелер, оның ішінде әскерлердің жауынгерлік әзірлігі, Қарулы Күштеріндегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп, оны жақсарту жөніндегі тапсырмалар талқыланды.
«Елбасы – Жоғарғы Бас қолбасшының ерекше қолдауы және мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мәселелеріне ұдайы назар аударуының арқасында армияның жалпы жай-күйі жеткілікті жақсы деңгейде тұр», – деді алқа мәжілісінде Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
Сонымен, Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасы бойынша 2014 жылғы қазаннан бастап 2015 жылғы шілде аралығында барлық әскер түрлері мен өңірлік қолбасшылықтарда шамамен 70 кенеттен тексеру іске асырылды.
Оның ішінде: 52 тексеру Құрлық әскерлерінде, 11 – Әуе қорғанысы күштері арасында және 3 – Әскери-теңіз күштерінде. Осынау іс-шаралардың, сондай-ақ жоспарлы тексерістердің басты мақсаты – кез келген жағдайда әскерлердің жауынгерлік қабілеттілік деңгейін арттыру. Бұл орайда Қарулы Күштердің бөлімдері мен бөлімшелерінің шынайы жауынгерлік әзірлігін тексерудің пәрменді тетігі кенеттен тексеру болып табылады.
Айта кетейік, Қорғаныс министрлігі қызметінің маңызды басымдылығы Қарулы Күштердің қару-жарағы мен техникасын жаңарту болып табылады.
Дереккөз: КазТАГ