ОРАЛДА САТУШЫ ҚЫЗ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАУАП БЕРУДЕН БАС ТАРТЫП, ЗАҢДЫ БҰЗДЫ!
2015 ж. 23 маусым
6987
22
Сонда бұл қазақ емес, қазақ тілін түсінбейтін шукша ма, шүршіт пе? Аты кім екен? Кімнің қызы?
"Орал қаласындағы АЗБУКА СВЯЗИ сауда үйіндегі мына қыз қазақ тілінде жауап беруден үзілді кесілді бас тартып, дөрекілік көрсетті. Өз "батырларымызды" біле жүрейік!"-дейді Оралдан Нартай Сауданбекұлы. Нартай Сауданбекұлына мың алғыс! Енді мұның аты-жөнін анықтап, жауапқа тартқанша, не мемлекеттік тілде сөйлегенше, не жұмыстан шығарғанша жұмыс істеу керек. Жұмыс орнына, басшысына және прокуратураға жазбаша шағым түсіру керек. Сонда қалай қазақша сайрап кеткенін өзі де білмей қалады... Сонда бұл қазақ емес, қазақ тілін түсінбейтін шукша ма, шүршіт пе, әлде шетелден келген өзге ұлт өкілі ме? Аты кім екен? Кімнің қызы? Кімдердің туысы, кімдермен араласады, достары бар ма мұның?.. Оралдық Нартай мен мемлекеттік тіл үшін трамвайды тоқтатып, астына түсе жаздаған Керекулік Рузаның қайратын үлгі етейік бәріміз. Жалпы Павлодардағы Тіл басқармасы мен Оралдағы Тіл басқармасы басшылары мен қызметкерлері жұмысын бермесе де, жалақыларының жартысын Руза мен Нартайға беріп отырғандары әділетті болар еді... Өйткені олар айлық алып отырса да, істемеген жұмысты бұлар істеп жүр ғой... МАЙ қызметкері заңды бұзса, сауатты жүргізушілер телефонға түсіріп алып, жұмыстан кетіріп жатады ғой. Сол сияқты Конституцияны бұзып, мемлекеттік тілде сөйлемегендерді түсіріп алып, осы әлеуметтік желілерде сазайын тартқызайық!.. Ақыр бізде тілді қорғап жатқан заң, құқық қорғау органдары, тіл басқармалары жоқ, ендеше Өзіміз, халық болып кірісейік жазалауға! "Көп қорқытады, терең батырады" дегенді атам қазақ босқа айтпаған... Біздің кемшілігіміз көп бола алмай жүрміз. Біздің qazaquni.kz ұлттық порталы қолдау көрсетуге әрдайым, 24 сағат бойы дайын! Атазаңымыздың сақталуын осылай бәріміз бірге жұмылып талап етейік!Қ.Жарылқасынұлы,
qazaquni.kz