МузАРТтың МузТВ-ға айтары мынау: "Қазаққа пайдаң тимесе, жөніңе жүр, зияның тимесін!»
2015 ж. 03 маусым
12469
59
Атағы жер жарып жатқан, Астанада өтетін «МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» атты алапат мегашоуға атақты әйгілі "Музарт" бармайтын болды!?.
Бұған белгілі тележүргізуші Алмас Алтай бастаған журналистер қауымының әлеуметтік желіде бұл зор шараны "мәдени экспансия" деп қарсы шығулары себеп болуда. Алмас Алтай белгілі тарландар Сәкен Майғазы, Мейрамбек Беспай, Қыдырәлі Болмандарға дат айтып, салмағы ауыр сауал тастаған болатын. Алғашқы болып Алаштың арда ұлы Сәкен сері Майғазы бастаған мұзарттықтар жауап берді. «Қымбатты төртiншi билiк өкiлдерi! Даттарыңыз орынды. Сауалдарыңыз салмақты. Жауап береміз, Қазақ үшін сөйлеуден тартынған кезім болған емес. Премияның өзіне әуелден қарсымын, МузАРТтың атынан айтайын, Біз БАРМАЙМЫЗ! Премиясы өзіне, ол Қазақтың МузАРТқа деген махаббатынан биік емес. Қазақтың мәдениетін, халықтық музыкасын, дәстүрлі әнін дәріптеу, міне, Бізге осы абырой! Ойлаңызшы, «Гәкку» телеарнасы Бакуге, Тбилисиге, болмаса Варшаваға барып осындай шара жасай алар ма еді? Олар кіргізбейді. Аумақ, территория, әр халықтың өзіндік жеке мәдени кеңістігі деген нәрсе бар. Менің, МузАРТтың айтары мынау: Қазаққа пайдаң тимесе, жөніңе жүр, зияның тимесін!» (https://www.facebook.com/saken.sozak?fref=ts) Мұзарттың үш ноянының бұл батыл қадамын тағы кімдер қолдайтыны ертең белгілі болады.Сапар ӘЛІ
qazaquni.kz