ӘЙГІЛІ ӘНШІ БАТЫРХАН ШҮКЕНОВ МӘСКЕУДЕ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

29 сәуір күні танымал әнші, “А Студио” тобының алғашқы солисті Батырхан Шүкенов өзінің 52 жасында көз жұмды WsP6jw2hiDlEt8a1Bo2lXdGL Орыс басылымдарының жазуы бойынша әнші жүрек талмасынан қайтыс болған делінген. Нақты неден қайтыс болғандығы жайлы әлі толық мәлімет жоқ. 18 мамыр айында Батырхан Шүкенов тірі болғанда өзінің 53 жасқа толған мерейтойын атап өту керек болған. Қазақстандықтарға бұл өлімді «А’Студио» тобының әншісі, Кети Топурия өз “инстаграм” парақшасына салу арқылы жеткізді.  Сонымен қатар танымал әнші Алсу:«Почему нас покидают лучшие из лучших? Батыр, ты навсегда в наших сердцах.. R.I.P» мәтінімен өз парақшасында жариялады. Жерлеу рәсімі Батырханның туған өлкесінде, яғни елімізде болатыны мәлім. www.juldizdar.kz