ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ САЙЫН  БІР КӨТЕРІЛІП ҚАЛАТЫН ҚАЙРАН ТІЛІМ!..

ОППОЗИЦИЯНЫҢ СОҢҒЫ ҮМІТІ ЖАРМАХАН МЫРЗАТАЙДЫҢ МЫЗҒЫМАС ҚАМАЛЫНАН ӨТЕ АЛАР МА ЕКЕН?!.

QAISAROV  Иә, бес жылда бір рет,  Президент сайлауы сайын біздің мемлекет Мемлекеттік тіл – қазақ тілі екенін еске түсіреді.  Әшейінде Конституциямен бекітілген қазақ тілін білуді талап QASYMOVеткендерді...  талап тастайтын билік президенттік сайлау кезінде ғана мемлекеттік тілді білу талабын қуана-қуана құптап, құлшынып тұрып қолға алады. Осы талаптан  оңбай құлаған сайын орыстілді оппозиция мемлекеттік тілді үйрену туралы ойланады...  Бірақ бәрі тіл сынағынан шыға сала  бәрін естен шығарып… Ресей тілінде сайрап кете барады…  МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ САЙЛАУЫНЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНЫҢ БІРІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МЕРЕЙІНІҢ ӨСІП ҚАЛУЫ!!!  ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ БЕС ЖЫЛ САЙЫН  БІР КӨТЕРІЛІП ҚАЛАДЫ... Бұл Мырзатай көкемнің жұлдыз болатын  айы!  Мырзекең кілең қазақша қақпайтындарды, әсіресе, құйрығына қоңырау байланғандарды рахаттанып тұрып, айызы қанып тұрып құлатады-ай шіркін!!! Мырзекеңді тыңдап отырсаңыз, өзіңіз де арқаланып, әлгі  ана тілдерін білмейтін, ана тілдерінде сауатты жаза алмайтындарға сен де қосылып, тағы бір «2» қойғың келіп кетеді... Бұның алдында да, 2011 жылы да солай болған... Мырзекең есімін ешкім білмесе де, ел басқарамын дегендерді шетінен қиратқан... Ел білетін Уәлихан Қайсаровтың өзі қазақ тілінен  28 myrzatai қате алғанда қабырғамыз  қайыса қойған жоқ...  «Мемлекеттік тілді білмесең, мемлекетті қалай  басқармақсың, сауап болды» дедік. Сөйтіп, айтып, ауыз жапқанша, қазақша қақпайтын, ана тілінде нан сұрай алмайтын сенатор Ғани Қасымов тіл сынағынан зу-у-у  етіп, өте шыққанда... Қайсаровқа қайыса қоймаған қабырғамыз... морт  сынып түсті... Сол кезде ғой, " ҚАЗАҚТЫҢ БЕТІНЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ, МЫРЗАТАЙ МЫРЗА?!.   http://www.qazaquni.kz/?p=5629   деген  мақаламен шер шығарғанымыз... Иә, биыл Уәлихан Қайсаров тағы да құлады. Бұл жолы ол өзінің мемлекеттік тілді әлі толық меңгермегенін анық танытты және өзі де мойындағандай болды.  Сонымен, оппозицияның атынан түсетіндердің ақыры көрініп қалды...  Бұның алдындағы президент сайлауында да солай болған... Сол кезде де  “ҚОШ БОЛ, ОП-ПО-ЗИЦИЯ!..”   http://www.qazaquni.kz/?p=5606  деп, қоштасу сөзін айтқамыз.  Мемлекеттік тіл комиссиясы дәл осылай тура, әділ болатын болса, аяқ астынан айнып кетпесе... онда Ғани Қасымов пен М.Елеусізовтерге, М.Телибековтерге ешқандай жол жоқ биыл...  Айтпақшы, оппозицияның соңғы үміті Жармахан Тұяқбайда...  jarmahan Бірақ  біз білетін Жармахан мырза мемлекеттік тіл сынағынан, дұрысын айтқанда Мырзатайдың мызғымас қамалынан өте алар ма екен?!. Бірақ, 2005 жылы өтіп еді ғой ол кісі... Енді, өтсе де, өтпесе де,  елеусізовтер  сияқты елеусіз   өткізіп жібермесек, жаһанға жар салып жатқан президент сайлауымыздың салмағы бола  қояр ма екен?.. Тағы да «мемлекеттік тілді  меңгермеген  өздеріңе сол керек» деп жайбарақат отырмыз.  Біреулер «кезінде ол кісі қалай сенатор болған» деп, Қайсаровты қажап  қояды... Осындай да жөнсіз сұрақ болады екен ғой... Ау, депутат болмақ түгілі, үкімет басшысы болу үшін,    министр болу үшін,  әкім болу үшін... жалпы мемлекеттік қызметкер болу үшін кім сенен «мемлекеттік тілді меңгергендігіңді» сұрайды?  Ондай мемлекеттік тілден сынақ түгілі сұрақ та қойылмайды саған...  Тек Ресей тілін білсең болды... Өйткені,  сені жұмысқа қабылдайтындар сенімен мемлекеттік тілде емес... Ресей тілінде сөйлеседі...  Сонда ол лауазымды қызметте істейтіндер біздің елдегі ең жоғарғы лауазым -мемлекет басшысына қойылар талапты керек етпейтін де болғаны ғой...  Себебі, бізде Атазаңымызда мемлекеттік тіл туралы бап болғанмен, соған сай мемлекеттік тіл туралы заң жоқ. Ал «Ақ жол» партиясының «Мемлекеттік тіл туралы заң» жобасын 2012 жылы мамырда Үкімет парламентке жібермей, тоқтатып тастаған... Қой, осы жерден тоқтайық енді... Біз Мырзатай көкемді мақтап, бес жылда  бір өсіп қалатын  мемлекеттік тілдің мерейімен бірге жалымыз көтеріліп, жайбарақат  отырғанда...  жалт етіп Ғани Қасымовтар өтіп кетпесін... Қазыбек ИСА Qazaquni.kz