Мұндай мәліметті Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті келтіріп отыр.
"2015 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,4%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары - 0,2%-дан, ал абаттандырылған тұрғын үйлер - 0,1%-ға өсті", - делінген хабарламада.
Жаңа баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы 223 668 теңгені, абаттандырылған тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің орташа бағасы 175 130 теңгені құрады.
Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жаңа баспананың құны 7,3% артты. Сонымен қатар, 2015 жылдың ақпанында тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 12 282 құрады.
Бұл одан арғы айдың көрсеткішінен 7,9% артық. 2015 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,0%-ға артты.