ЖЫЛ АДАМЫ - 2014
2014 ж. 26 желтоқсан
8353
29
"Қазақ үні" газетінің "Жыл адамдары" анықталды
«Қазақ үні» газеті мен «qazaquni.kz» cайтының 2014 жылғы Жыл адамдары анықталды. Бірнеше номинация бойынша Жыл адамдарын 2014 жылғы 22 қараша мен 22 желтоқсан аралығындағы қоңырау шалу, смс, электронды пошта арқылы және «qazaquni.kz» cайтындағы Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз арқылы сарапшылар алқасы анықтады. Әрине, газет сайтындағы мыңдаған оқырманның жүздеген ұсыныстары, яғни, көпшілік қауымның таңдауы басты рөл атқарғанын айтуға тиіспіз. «Қазақ үні» газеті мен «qazaquni.kz» cайты Жыл адамдарын жаңа жылдарымен құттықтай отырып, оларға келер жылы да келелі табыс тілейді! Сонымен, «Қазақ үні» газетінің 2014 жылғы Жыл адамдарымен таныс болыңыздар!
Жыл қайраткері – Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов. Қоғамдағы көкейтесті ұлттық, әлеуметтік мәселелерді баса көтеріп, мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясының кеңеюіне атсалысты.
Жыл саясаткері – Азат Перуашев. «Ақ жол» партиясының жетекшісі ретінде Алаш арыстарының ұлттық идеяларын дамытуда бірқатар игілікті шаралар атқарды.
Жыл министрі – Тамара Дүйсенова. Халық денсаулығын сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету және мемлекеттік бағдарламаларды («100 мектеп, 100 аурухана») дамыту барысында бірқатар шараларды атқарды.
Жыл әкімі – Қырымбек Көшербаев. Аймақтағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда ерекше көзге түсті. Жыл ғалымы – Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының құрметті академигі Тұрсынбек Кәкішев. Ғалымның қазақ әдебиетіндегі сын жанрын жүйелеп зерттеудегі ерен еңбегі қазақ әдебиеттану ғылымының тарихында айрықша орын алады. Сонымен қатар, белгілі әдебиет майталмандары – С.Мұқанов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаевтардың қоғамдық істері мен шығармашылық әдеби мұрасын ғылыми айналымға түсіргендердің бірі.Жыл сенаторы – Нұрлан Оразалин. Мемлекеттік БАҚ қызметкерлері мен әдебиет, өнер саласындағы дарынды жастар үшін қызметтік тұрғын үй салу мәселесін көтерді.
Жыл депутаты – Дариға Назарбаева. Вице-спикер ҚР Білім және ғылым министрлігін аяусыз сынап жүргені белгілі. Депутат халықтың мұң-мұқтажын жиі көтеретіндіктен басқа әріптестерінен оқ бойы озық шықты.
Жыл жазушысы –Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Софы Сматаев. «Мұңлы ойлар» кітабында қоғамда белең алған келеңсіздіктерге қабырғасы қайысып, тұңғиық ойға батады, мұң кешеді. Ағынан ақтарылып, оқырманына бүкпесіз сыр ағытады.
Жыл драматургі –Думан Рамазан. «Кенесары-Күнімжан» атты тарихи драмасында қазақтың соңғы ханы Кенесарының ой-арманын бүгінгі ұрпақтың бойына сахна тілімен сіңіріп береді.
Жыл режиссері – Рүстем Әбдірашев. Президент туралы «Тығырықтан жол тапқан» атты фильмнің режиссері.Бұл кино-туынды «Елбасы жолы» киноэпопеясының логикалық жалғасы болып табылады. Жаңа картина Мемлекет басшысы партком хатшысы болып сайланып, үлкен саясатқа енді араласа бастаған 1971 мен 1977 жылдар аралығын қамтиды.
Жыл сазгері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев. Терең де мағыналы шығармалары арқылы өз тыңдарманының шабытын оятып, ерекше әсер қалдырады.
Жыл әртістері – Омар Қиқымов, Жұлдыз Маханова . Отандық «Сырғалым» телехикаясы қарапайым қазақ отбасының күнделікті тыныс-тіршілігін баяндау арқылы кенже қалып бара жатқан ұлттық тәрбиеге ден қояды.
ОМАР ҚИҚЫМОВ
ЖҰЛДЫЗ МАХАНОВА
Жыл әншісі –Жанар Дұғалова. Татарстанның Қазан қаласында өткен халықаралық «Түрквижн – 2014» ән байқауында бірінші орынды иеленді.
Жыл ректоры –Профессор Месут Ақгүл. Сүлеймен Демирель атындағы қазақ-түрік университетін ашып, оны басқару арқылы қазақ-түрік ағайындардың арасындағы бауырластық қарым-қатынасты нығайтуға атсалысты. Сондай-ақ, қазақ жастарының сапалы білім алып бәсекеге қабілетті маман атануына септігін тигізіп келеді.
Жыл кәсіпкері – Серік Мерғалиев. «ПСП СЕРИК» ЖШС бас директоры, кәсіпкерлік пен өндіріс саласы бойынша Батыс Қазақстан облысының дамуына елеулі үлес қосты. Сондай-ақ, тұңғыш рет батыс өңірінен «ТДК-42» атты тәуелсіз телеарна ашқан.
Жыл меценаты – «Алтын қыран» Халықаралық қайырымдылық қорының басқарушысы Исламбек Салжан. Әйгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» (Вlооd and Sweat) және «Соңғы парыз» (Final respects) атты қос романының ағылшын тілінде шығуына жәрдемдесті. Сондай-ақ қазақ еліндегі көптеген рухани шараларға зор демеушілік көрсетіп келеді.
Жыл спортшылары – Илья Ильин, Геннадий Головкин, Жасұлан Қыдырбаев. Спорттағы үздік жетістіктері арқылы қазақ елінің даңқын асырды. ИЛЬЯ ИЛЬИНГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН
ЖАСҰЛАН ҚЫДЫРБАЕВ
Жыл тағайындауы – Бердібек Сапарбаев, Иманғали Тасмағамбетов. Б.Сапарбаев – ҚР Премьер-министрінің орынбасары. И.Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі.
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ
ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ
Жылдың әдеби жетістігі - ҚР Мемлекет сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің Лондон сахнасында алғаш рет «Өкпек жолаушы» пьесасы қойылды. Ұлықбек Есдәулеттің Қытай Халық Республикасы мен Моңғолия елінде жыр жинақтары жарық көрді. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Қазыбек Иса Ресейдің талантты сыншыларының талабынан шығып, Қазақстанда тұңғыш рет Халықаралық С.Есенин атындағы сыйлық - «Алтын күз» ордені иегері атанды.
ДУЛАТ ИСАБЕКОВ
ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
ҚАЗЫБЕК ИСА
Жылдың басты оқиғасы–2014 жылдың 29 мамырында Еуразиялық Одаққа қол қойылды.
- Софы Сматаев
- Ұлықбек Есдәулет
- Дариға Назарбаева
- нұрлан оразалин
- Дулат Исабеков
- Азат Перуашев
- Қазыбек Иса
- Мұхтар Шаханов
- Жұлдыз Маханова
- Иманғали Тасмағамбетов
- Исламбек Салжанов
- Илья Ильин
- Думан Рамазан
- Жыл адамдары
- Тамара Дүйсенова
- тұрсынбек кәкішев
- Жасұлан Қыдырбаев
- Жыл адамы -2014
- Геннадий Головкин
- Рүстем Әбдірашев
- Бердібек Сапарбаев
- Жанар Дұғалова
- Жыл адамы