Әсіресе, өзінің сүйікті жары Қарақатқа арнап шығарған қуыршақты қалтасы жұқа адамдар сатып ала алмауы мүмкін. Себебі, "Қарақат" қуыршағы 90 мың теңге тұрады. "Бал-баланың" ресми сайтында қуыршақтың бағасы осылай көрсетілген.
Мұны әлеуметтік желі пайдаланушылары талқылап, бұл бағаның қуыршақ үшін тым қымбат екенін айтқан.
"Қарақат" қуыршағы сәбимен сөйлесіп, билеп, "Айналайын" әнін аяғына дейін орындайды, киімдері қолдан тігілген, сырға мен шаш бауы күмістен арнайы жасалған, қолда ұстағанға жағымды, тамаша көңіл-күй сыйлайтын бағалы сыйлық.
Қарақаттан бөлек, Ақылбек Жеменейдің орындауыдағы "Қызыл өрік" әнін билеп орындайтын ойыншық та бар. Алайда, Ақылбек Қарақатқа қарағанда әлдеқайда арзан – 6000 теңге.
Домбырада өте шебер ойнап, әзіл әндер айтатын "Алдар көсе" қуыршағы да Ақылбек Жеменейден қымбат – 7000 теңге.
"Бақыттымын қошақандары" болса, Қыдырәлі мен Қарақаттың "Бақыттымын өзіңмен" әнін орындайды. Сайтта бұл қуыршақтар "көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын өте жағымды сыйлық" деп сипатталған.
Еске сала кетейік,
осыдан екі жыл бұрын Болманов "Қарақат" қуыршағын 20 мың теңгеден сатқан болатын.
"Бұл ең қымбат қуыршақ. Оның ерекшелігі – қуыршақтың киімі Қарақаттың концерттік көйлектерінің үлгісі бойынша жасалған, Қарақаттың даусымен ән салады. Бұл ойыншық – қолөнер туындысы. Мұның барлығы кез келген халықаралық көрмелерде ұялмай көрсете алатындай деңгейде жасалып отыр, сонымен қатар бұл қуыршақты кез келген елші, саясаткер, президентке сый ретінде тартуға болады", - деген еді Болманов.