Саясаттанушы жастарды мәдениетке "күштеп тартпақ"
2014 ж. 09 желтоқсан
2926
1
Қазіргі қоғам, оның ішінде жастар, дәстүрлі құндылықтарды қолдайды. "Нұр Отан" партиясының қоғамдық саясат институты арнайы зерттеу жүргізген.
Фото: minkultrb.ru |
Нәтижесінде респонденттердің 85 пайызы отбасылық және дінмен қабылданған салт-дәстүрді сақтау жеткілікті деп есептейді. Өз отбасын негізгі құндылық санайтындар – 98%.
Бір қызығы, зерттеуге қатысқандардың кейбірі пайыздық несиелерді де құндылықтар қатарына жатқызған. Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек "бүгінгі күні 90-шы жылдардағы идеологиялық вакуум сезілетінін" атап өтті.
Сарапшылар пікірінше, жастарды дәстүрлі рухани және отбасылық құндылықтарға баулуға, жауапкершілікке, ынтымаққа, төзімділікке, заңды құрметтеуге тәрбиелеуге ерекше ықылас бөлінуі тиіс.
Ал саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов: "Қазіргі таңда жастарды мәдениетке күштеп тартуға көшу керек сияқты. Музейге, театрға, көрмеге барамыз, адам көрінбейді. Жастар күндіз-түні "Керуенде", "Мегада" жүреді. Олар үшін бар құндылық сол. Біздің кезімізде белгілі бір кітапты оқымасаң, спектакльді көрмесең, саған қолын бір сілтейтін. "Ее, оны қойшы" деп. Біздің құндылықтар сондай болатын", - дейді.