Қазақстанда жолбарыс пен Пржевальский жылқысын өсіру қайта қолға алынады
2014 ж. 28 қараша
4267
0
Ғалымдар Қазақстанда жойылып кеткен Пржевальский жылқысы мен жолбарысты қайта көбейтпек.
Бұл туралы президент жанындағы ОКҚ брифингi барысында "Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы" ФК "Биотүрлiлiк" тақырыптық кеңесiнiң вице-президентi Сергей Скляренко мәлiмдедi, деп хабарлайды Bnews.kz.
"Қазақстанда Пржевальский жылқыларын қалпына келтiруге қатысты жобаны қолға алдық. Қазақстанда соңғы жолбарыс 1947 жылы жойылса, Пржевальский жылқысы осыдан 150 жыл бұрын жойылған. Қазақстанда жылқыларға қажетті экожүйе бар. Бiз бұл түрге қолайлы аймақтарды таңдап, олардың көбеюiне қажеттi жағдай жасауымыз керек", - дейді Сергей Скляренко.
Жобаның негiзгi серiктесi – Қазақстанның биотүрлiлiктi сақтау қауымдастығы. Ол Орталық Қазақстанда қайта құрылған "Алтын дала" мемлекеттiк қорғалатын табиғи аумағында, Ұлы Жыланшық маңында жылқыларды уақытша ұстауға қажеттi арнайы орындар әзiрлеген", - дедi Скляренко.
Сонымен бірге Нюрнбергтен Пржевальский жылқылары 2016 жылдың көктемiнде әкелiнбек. "Пржевальский жылқысын елiмiзге әкелу үшiн ол алдымен Қазақстанның қорғалатын жануарлар тiзiмiне енгiзiлуi тиiс. Содан кейін немiстер жылқыларды әкелуге дайындықты бастайды", - дейді Скляренко.
Жобаға Нюрнберг хайуанаттар бағы қолдау көрсетедi деп күтiлуде.
Сонымен қатар Скляренко, географиялық қоғам қолдау көрсетiп отырған жобалардың бiрi – Қазақстанда жолбарыстарды қалпына келтiру екенін атап өтті. Жоба бүкiләлемдiк жабайы табиғат қорының, нақты айтқанда, оның ресейлiк бөлiмшесi қолға алып отыр.
Оның көздеген бiрқатар мақсаты бар. Олар жолбарыстарды әкелiп қана қоймай, оның тiршiлiгiне қажеттi экожүйенi қалпына келтiру. Оның айтуынша, жобаның бастапқы кезеңi 5-7 жыл уақытты алмақ.
"Жақсы нәтижеге қол жеткiзсек, алғашқы жолбарыстар 2020-2021 жылдан ерте пайда болмайды. Бұл мақсатта экожүйенi қалпына келтiрiп қана қоймай, Iле маңында ерекше қорғалатын табиғи аймақ құрып, тұяқтылар басын көбейту керек", - деп толықтырды ол өз ойын. Жалпы бұл аталған жобаларды iске асыруға 20 жылдан астам уақыт кетеді екен.