Ресейдің "Поддубный" фильмі қазақстандықтардың ашуын шақырды
2014 ж. 28 қазан
3463
5
Отандық киногерлер Ресей режиссерлері түсірген "Поддубный" фильміне жауап қайтармақ. Көрші елдің шығарған картинасында күш атасы Қажымұқан Поддубныйдан оңбай жеңіледі. Ал мұндай оқиға тарихта ешқашан болмаса керек.
Ресей режиссерлері фильмде қазақтың Қажымұқанын әуелі түрік деп таныстырады. Онысы аздай, Поддубныймен боз кілемде белдескен Қажымұқан оңбай ұтылады. Отандық зерттеушілер бұл фильмнің дәл осы үзіндісі еш қисынға келмейтіндігін алға тартады. Өйткені, күш атасы Мұқан Мұңайтпасов Иван Поддубный палуанынан ешқашан жеңілмеген.
"Бұл фильмде өтірік жорыта танымағансып, түрік деп көрсетуі. Қазақ екенін орыстар біледі. Екіншіден барып, жорыта Поддубныйға жеңгізіп қойғаны, тіпті оны алып соққан кезде кілемде Қажымұқанның танып жататыны әрине шындыққа жанаспайды", - деді Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бас редакторы Дидар Амантай Алматы телеарнасы.
Ал 1985 жылы Сұлтан Қожықов түсірген бұл көркем фильмде Қажымұқан Поддубныйға інілік ілтитап танытып, жеңісін өз аузымен сыйлай салған. Өйткені, Поддубный Қажымұқанмен жекпе-жекке жетем дегенше, қолы шығып кеткен. Осыны ескерген қазақ палуаны мұны әділетсіз санап, күресуден бас тартса керек.