Қазақстанда некеге тұрғандар азайып, ажырасқандар көбейген

Қазақстанда некеге тұрғандар азайып, ажырасқандар көбейген

2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында АХАТ органдарында 103,6 мың неке қиылған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің брифингісінде белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Комитеттің ақпаратына сүйенсек, 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында АХАТ органдарында 103,6 мың неке қиылған. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4 пайызға кем.

Ал осы жылдың қаңтар-тамыз айлары арасында еліміз бойынша 34,8 мың ерлі-зайыпты ажырасқан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, елдегі ажырасқан отбасылардың саны 2,1 пайызға артқан.