Есірткі сатқан молда ұсталды

Тәжікстанның есірткіні бақылау агенттігі қызметкерлері Қорған төбе қаласында «Абубакри Сиддик» мешітінің 36 жастағы имам- хатыбын заңсыз есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды BNews.kz АА Душанбедегі тілшісі.

Тәжікстанның есірткіге қарсы ведомствосы қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Хушнуда Рахматуллоеваның айтуынша одан 4 қорапша мен қоңыр түсті зат салынған целлофан пакеті табылған. «Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың апиын екені анықталды. Есірткі сатқан дін қызметкері өзі де оны қолданатыны белгілі болды», - деді ол. Бұл факті бойынша тағы екі адам ұсталды, тергеу амалдары жүріп жатыр. bnews.kz