Жаяу Мұсаның суреті табылды

Жаяу муса Жақында Семей қаласында қазақтың әйгілі әнші-сазгері Жаяу Мұсаның беймәлім суреті жұртшылық назарына ұсынылды. Абай әдеби-мемориалды мұражайының қызметкерлері жүргізген тарихи тұлғалар туралы деректерді іздестіру жұмыстары барысында бұл суретті Мәскеу мұрағатынан тапқан екен. Суреттің нақты 1927-жылы түсірілгені де белгілі болып отыр. Авторы – орыс зерттеушісі Федор Фиельструп. Сол кезде шамамен 93 жастағы Жаяу Мұса киіз үйдің қасында бейнеленген. Мамандардың айтуынша, бұл сазгердің әзірге бізге белгілі екінші суреті. Біріншісінде ол 50 жасында түсіпті. – «Семипалатинский, Баянаулский, Ащысу, Аргын-Айдабол. 1927 год. Переструп» деген жазу бар. Яғни, бұл ешқандай күмәнсіз. Бірінші, өзінің күнделігінде жазғандығы, екінші жаңағы суреттің артында өзінің қолтаңба қалдырғандығы. Онда Жаяу Мұса делінген, –дейді Абай мұражайының директоры Жандос Әубәкір. Бұл шынында да қазақ өнерінде өшпес із қалдырған атақты Жаяу Мұса туралы аса құнды сирекбейнедерек болып табылады.