Ғалымдар: ерте жастан сыра ішкен адамның жас өмірі өкінішпен өтеді

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 14 жасында сыра немесе қызыл шарапты ішіп көрген адам жасына жетпей соған тәуелді болып, маскүнемдік ауруына шалдығады, деп жазады The Daily Mail. images (4) Дерек көзіне сүйенсек,ғылыми зерттеудің қорытындысы да осы нәтижеге тірелген: яғни, маскүнемдікке шалдығу адамның ішімдікке әуес болған алғашқы кезеңіне де байланысты болады. Сондықтан ғалымдар оған тіпті, әуес болмау керек, дейді. 295 жасөспірімді  мамандар арнайы сынақ мерзіміне алып, бақылаған. Олардың барлығы 16 жасқа дейін арақ-шараптың дәмін татып көргендер. Сынақ мерзімінде жастардың ішімдікке тәуелділігі адам шошытатырлық нәтиже көрсеткен. Кейбірі жасына жетпей салынып ішуге бейім болған. «Егер адам ерте жастан арақпен ауызданса, ол жасына жетпей маскүнем болады», делінген мақалада. Зерттеу қорытындысына бойынша, арақпен «өмірін бастаған» адамның тағдыры аянышпен өтеді. Источник: inform.kz