БҚО-да зейнеткердің үйі мен қора-қопсысы өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақжайық ауданындағы Алғабас ауылдық округінің Қарағай бөлімшесінде зейнеткердің тұрғын үйі мен қора-қопсысы отқа оранды, деп хабарлайды inform.kz. images (3) Ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Қайрат Таңжарықовтың сөзіне сүйенсек, баспананың 3 бөлмесі, кіреберісі, жапсаржайы, сонымен бірге қора-қопсысы, пішен ауласындағы 20 тоннадай шөбі, жазғы ас үйі түгел жойылды. «Тілсіз жау» 302 шаршы метрді жалмаған. Тілсіз жаудың шығу себебі газ плитасының баллонын ауыстыру кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуы. Источник: inform.kz