Астанада Ресей елшілігінің алдында митинг өткізгендер ұсталды

Астанада Ресей елшілігінің алдында наразылық акциясын өткізген белсенділерді полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды nur.kz

"Антигептил" ұйымының мүшелері алдағы жексенбіде Байқоңыр ғарыш айлағынан протон ұшыру үшін қарсылық білдіріп, еліміздің әнұранын орындаған еді. images (2) "Біз протон тоқтамағанша шаршамаймыз. Мәселе идеологияда емес, денсаулықта. Қорғамасақ болашақ болмайды", - дейді акцияға қатысушылардың бірі  Болатбек Біләлов. Ресейдің Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыруын тоқтатуын бір жылдан аса уақыт бойы түрлі акциялар өткізумен талап еткен болатын. Тіптен, "Қазғарыш" агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевты жекпе-жекке де шақырған. Бірақ, жазған хаттарына жауап алмаған болатын. Керісінше, сот оларды әкімшілік жауапқа тартады. Ресей елшілігіның алдындағы бұл наразылық шарасы да бес минутқа жетпеді. Полиция акцияға қатысушыларды қамауға алып, әрқайсысына 75 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Источник: NUR.KZ