"MONROE" сияқты клубтар біздің елімізге керек пе?!

Ары тартса – арыға, бері бартса – беріге жығыла беретін қазіргі қазақ қоғамында "MONROE" сияқты клубтардың саны күн өткен сайын артып келеді. Астананың бір ауданында орналасқан бір жыныстылар клубы қоғамның әсіресе ой-санасы жақсы мен жаманды ажырата алмай жүрген жастар үшін қауіпті болып саналады. images2 Етек-жеңін жаңадан жинап, өркендеп келе жатқан елімізге "MONROE" сияқты клубтар керек пе?! Олай дейтін себебіміз, бір жынысты психологиялық тұрғыдан ауру азаматтар басқа шет елдерді айтпағанда біздің елімізде де жетіп артылады. Бұл ғимаратта бір жынысты қыздар да, бір жынысты ерлер де өзінің сыңарымен бірге келіп, көңіл көтере алады. Олар үшін бұл жерде арнайы шоу-бағдарлама әзірленіп, қызықты шаралар ұйымдастырылған. Бір сөзбен айтқанда көңіл көтерудің барлық амалдары жасалған. Сонымен қатар сыңарлары жоқтары, өздерінің екінші жартыларын таба алады. Ал бұның соңы Каролина мен Кристина есімді екі қыздың бас қосуы сияқты аяқталмасына кім кепіл? 4B520E02-EDFE-4909-91EC-1371BD8075C6_w640_r1_s_cx0_cy5_cw0 Бұл таралып бара жатқан дертті дер кезінде тоқтатып үлгермесек, «әкең қайсы?» дегенде әйелді көрсетіп, анаң қайсы? дегенде ер азаматты көрсететін масқараға дейін жетуіміз мүмкін. Сондықтан да осы "MONROE" сияқты клубтардың жұмысын тоқтатып, қоғамымыздың ластануын болдырмауымыз қажет деп ойлаймын.

Н.Жартын,

Астана қаласы