ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МӘСКЕУЛІК ДӘРІГЕРДІ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАНЫ ХАБАРЛАНДЫ!!!
2014 ж. 28 тамыз
2922
2
Парламент сенатының төрағасын төбелес шығарған адаммен шатастырып алды. Мәскеулік дәрігерді соққыға жыққан қазақстандық кәсіпкер туралы хабарлаған ресейлік телеарна "төбелесті бастаған осы" деп Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін күллі елге жариялап жіберген.
Қазақстандық кәсіпкер Жомарт Каменов үлкен даудың ортасында қалды деп хабарлайды КТК арнасы.
Тілшілер оны қымбат машинаға мініп, жедел жәрдем көлігіне жол бермеді деп жерден алып жерге салған.
Сөйтсе, фельдшерлермен төбелескен Жомарт Каменов деген кәсіпкер екен. Жаңа қазақ "Ролс ройсына" жол бермеген дәрігерлерді көше ортасында ұрып жіберген.
Жалпы, ресейлік тілшілердің қазақстандық танымал тұлғаларды бұл бірінші шатастыруы емес. Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов орыс телекөрерменіне белгілі әнші ретінде танылған болатын.