Диас Қадырбаев өзіне тағылған айыпты мойындады
2014 ж. 22 тамыз
1810
0
Астана. 22 тамыз. Baq.kz – Бостон марафоны кезінде жарылыс жасады деп айыпталып отырған Джохар Царнаевтың досы қазақстандық Диас Қадырбаев өзіне тағылған айыптардың бірін мойындады.
Ол 2013 жылдың 15 сәуірінде жарылыс орын алғаннан кейін Джохар Царнаевтың бөлмесінен пиротехника салынған сөмкені алып шыққанын растады. Енді Қазақстан азаматының тергеуге көмектескені үшін жазасы жеңілдеуі мүмкін. Ал, бұған дейін АҚШ соты осы іске қатысы бар деп айыпталған Азамат Тәжаяқовты кінәлі деп тапқан болатын.