Троллейбусты айдап кетпек болған маскүнем апатқа ұшырады
2014 ж. 15 шілде
1384
0
Жандосов пен Саин көшелерінің қиылысындағы ақырғы аялдамада тұрақтап тұрған троллейбусты мас кісі айдап кетіп, қозғалыс барысында өзге қоғамдық көлікпен соқтығысып қалған.
Бұл туралы "Алматы" телеарнасының "Куәгер" бағдарламасы хабарлады.
Абырой болғанда, троллейбустардың ішінде жолаушылар болмаған. Қолға түскен жас жігіт алкогольдік ішімдікке тойып алғандықтан тергеудің алғашқы кезенінде болған оқиғаға дұрыстап түсінік бере алған жоқ.
Дегенмен, уақыт өте қолға түскен зиянкес өз кінәсін мойындады. Сондай – ақ, бұған дейін қоғамдық көліктің жүргізушісі болғанын айтты.
Мас жүргізушінің әрекеттері тергеу алды тексеріс барысында мұқият қарастырылады. Оның алкогольдік ішімдікке тойып алғаны істі ауырлататын мән-жай деп танылатыны айқын.