КЕШЕГІ КЕЛІННІҢ БЕТІН АШУҒА ҚАРСЫЛАР ЕНДІ ДӘСТҮРЛІ ЖЫРШЫЛЫҚ ОДАҚ ҚҰРУДА!?.

беташар Соңғы кездері тек қазақтың қазынасы - жыр-термелерді тыңдап жүрмін: тұнып тұрған терең тарих,  салт-дәстүр,  имандылық! Әсіресе, имандылық, ұлттық негізге құрылған тәлім-тәрбие  жыр- термелерде керемет ашылған. Осындайда еске түседі. Қайбір жылдары осы дінді тек өздерінен бастап, жаңа ашқандай, ата-бабаға арнап дұға оқуға болмайды, "олай етуге болмайды, бұлай етуге болмайды"-дейтіндер аспаннан түскендей қазақтың имандылығын "жаңадан ашып еді..."  Бір өкініштісі, енді сол топ жыршылық-термешілік, айтыс өнерінің басын қосқан халық  шығармашылығы одағын құрып ала қойыпты... Кеше ғана келіннің бетін ашуға қарсы болғандар бұл жанталасынан тек сасық қулықты саясатты көруге болады... Иә, бұл шолақ  саясаткерсымақтық тірлік!  Ұлттық құндылықтарымызға тіл тигізіп,  аузымен былғағандардың аузы енді қанша дуа салса да, теріс пиғыл таза пейілге айналмайтыны анық!..  Құйрық бұлғаңдатқан саяси түлкі бұлғаң сасқан үйректей не бітіріерін білмей жүр... Алла арам мен адалды ажырата алмаудан сақтасын!

Мақсат ЖАҚАУ

Фейсбук парақшасынан.