Құранның 75 сүресін жатқа білетін 5 жасар қари көпшілікті таңқалдырды
2014 ж. 12 шілде
3973
2
Қасиетті Рамазан айы тағы бір игі іспен жалғасты. Алматыда алғаш рет 15 жасқа дейінгі ұл-қыздардың қатысуымен Құран оқудан сайыс өтті. Жасы кіші дегенмен қасиетті кітаптың бірнеше парасын жатқа оқып, дауыс ырғағын келтіріп алған мұсылман бауырлардың арасында тәп-тәуір тартыс өтті.
Скриншот КТК арнасынан
15 жасқа толмаған 40 ұл мен 20 қыз қасиетін қара сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес Құранды жатқа оқып жарысқа түсті. “Жасы кіші демеңіз ақылы асса аға ғойдың” анықтамасы анық, өйткені 114 сүреден тұратын мұсылман біткеннің Қасиетті Хақ кітабын ырғаққа келтіріп оқуға қатысушылардың арасында 5 жасар Мұстафа да бар деп хабарлайды КТК арнасы.
"4 жасымнан бастап жаттадым, 75 сүре білем. Құранның бәрін әкем жаттатты. Енді бүгін жарысқа қатысам, қатысып бірінші орын алам", - дейді бүлдіршін Мұстафа. Сайысқа еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін көрермен боп келді. Хадисте: “Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің” және “Кімде-кім Аллаһтың Кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол жақсылық он есе көбейеді” делінген. "Аш-Шамс” сүресінен “Нас” сүресіне дейінгі осы сүрелерді жаттаған адам оны мәнерлер оқитын болса сол арқылы бүгінгі жарыстың жүлдегері анықталатын болады.Біз мүмкіндік жасаймыз Иншалла біздің Алматы мешітінің қарилар орталығы бар. Егер балалар оқуын жалғастырамыз десе біз Құранды толық үйренуге мүмкіндік жасаймыз", - дейді Алматы қаласы орталық мешітінің имамы Нұрбек Есмағанбетов. Қасиетті Құранды мүдірмей жатқа оқып, мәнерлеп мәнін келтірген ұл-қыздарға ақшалай сыйлықтар мен электрондық Құран кітаптары табыс етілмек. Талап қылғандардың ешбірі құр алақан қалмақ емес.Өйткені Хадисте: “Қандай да бір қауым Аллаһтың үйінде жиналып, Аллаһтың Кітабын оқып, араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі. Аллаһтың мейіріміне бөленеді, оларды періштелер қорғайды және Аллаһ оларды қасындағылардың жанында еске алады” делінген. Ал қатарынан оза шапқан жарыс жеңімпазының есімі бірер сағаттан кейін белгілі болмақ. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/321516.html