Хоккейшілер көкпарға қатысамыз деп күлкіге қалды
2014 ж. 10 шілде
1758
0
Кез-келген хоккейшіден көкпаршы шықпайды. Алғаш рет атқа мініп, додаға қатысқан өскемендік спортшылар осыны дәлелдеді, деп хабарлайды КТК арнасы.
Айдында талай мәрте тартысты кездесу өткізген "Казцинк-торпедоның" жігіттері бұл жолы көкпарға қатысамыз деп, күлкіге қалды. Өздерін мұз айдынның мұзбалақтары санайтын жігіттер жылқы спортының да жілігін шағып, майын ішеміз деп ойласа керек, ә дегеннен ойынды адуынмен бастады.
Ұйымдастырушылар көкпар тартуға лақтың тушасын емес, құм толтырылған қапты тастады. Алайда, айдында асыр салған хоккейшілердің жылқы малына жұғымы болмай шықты. Тақымдағы көкпарға ие бола алмай, елдің алдында масқара болды. Ең соңында қызықтау үшін келген едік деп құтылды.
"Өте қызық ойын екен. Хоккейдегі сияқты шабуылшысы болады. Біз үшін үйреншікті ойын емес, сондықтан қолдан келгенше бар өнерімізді көрсетуге тырыстық", - деді "Казцинк-Торпедо" хоккей командасының шабуылшысы Досжан Есіркенов. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/321155.html