ТАШКЕНТТЕ ӨТКЕН ТОЙДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Ойтүрткі          

Ал Оңтүстікте өткен тойда екі-ақ адам сөйледі!..

  той 2 «Қазір не көп, той көп» дегенді (сіз де, біз де) жиі естиміз. Лайым, көп болсын, бола берсін. Өйткені, «той – құдайдың қазынасы» деп тегін айтылмаған болса керек. Бірақ, әңгіме солар (қазақтың тойлары) қалай өтеді, қалай өтіп жүр – сонда боп тұрғанын, бүгінде одан түк өнбесін білсе де, екінің бірі сөз етіп, қазақ тілді басылымдаржаза-жаза жалықты ма, шаршады ма, тәңір білсін. Әйтеуір, бір белгілісі, қазіргі тойлардың көбінен бойға қуат жинап, қанаттанып, нәрленіп, әсерленіп, демалып, тынығудың орнына әл-дәрменің құрып, шаршап-шалдығып қайтасың. Шамасы, сондықтан ба екен,  қазіргі тойлардың көбіне жадырап, жайнап келетін құрметті қонақтар сөздерін сөйлеп, тоянасынберісімен тезірек кетуге тырысады, бірінші үзілістен кейін зал жартылай бос қалып, тек салтанат біткенше кетпеуі тиісті пенделер ғана би билеп, ербең қағып жүретінін көресің. Неге? Себеп қалай? Енді бұл жерде оларды бас-басына жіліктеп, малтаныезбей-ақ қойса да болады. Бір-екеуін атасақ та жетер: даңғырлаған музыка, сұйқылтымдау ән, жарықшақ дауыспен өңеш кере айтылатын көл-көсір сөз ... сөз... он бес, жиырма, отыз адам боп шығатын тойшының әрбірінің алысқа сілтейтін ақ тілек, адал лебізі...олар аз десеңіз, көлгірсикөсілуге төселген жалдамалы тамаданың құлақты жейтін жаттанды бәдікнама, бөспейбайы... Түк естілмейді, қасыңда отырған қонақпен бір-екі ауыз тілдесу мұң... Дегенмен, барлық той олай емес... Таяудақазақтың аяулыперзенті, философ-ғалым, белгілі жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, қадірменді Әбекең, марқұмӘбдеш Қалмырзаевтың жылдық асында жанымда отырған басалқалыжігіт ағасыойламағанжерден: «Осыдан екі апта бұрын Жетісайға барып бір тойға қатыстым. Сенесіз бе, сонда үлкен тойдың өн бойында екі-ақ  адам сөйледі», – деп бір тосын сөз айтып қалды. Әрине, қазір қатысып отырғанымыз той емес, ас болғандықтан, у-шу, даң-дұңсыз, жайбарақат өтіп жатқан-ды. Әйтсе де, оның әлгі сөзіне орай: «Шын ба?» – дедім құлағына аузымды тақап. Ол: «Шын, аға. Өзім куә боп келдім ғой», – деді сәл қабағын шытып. тойТой. Қазақ қалың шоғырланған оңтүстіктің Жетісайындағы той. Сөйлеген – екі адам(тойда сөйлеген деп біл). «Шын ба?» – деуім тегін емес. Ал, оны айтқан (қасымдағы) жігіт оңтүстік тұрмақ, әкесі шығысқазақстандық демесе, қалада өскен, жауапты қызметтер атқарып жүрген орыс тілді журналист. Көзі тірісінде марқұм Әбекеңе әкесі де, өзі де рухани да, былай да жақын болған Әділ Ыбраев. Әкесі – ол да журналист – Жүніс Ыбраевты мен де білетінмін, кезінде газет-журналдар редакциялары орналасқан атышулығимараттың тоғызыншы қабатында «Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналында редактордың орынбасары болған. Мінезі жайлы, иіжұмсақ, үндемей ғана күлімсіреп жүретін  Жүкең анда-санда пәлендей жұмысы болмаса да, жұмыс орныма келіп, азын-аулақ әңгімелесіп кететін. Осыдан он бес шақты жыл бұрын ба екен, бақиға озғанда жерлеу рәсіміне қатысып, қабіріне топырақ сап, дұғасына ортақтасқан жайым бар-тын. Баласы  Әділмен аралас-құралас болмасақ та, сырттай жақсы тілек-ниетте жүретінбіз. Ең бастысы, Әбекең, марқұм Әбдеш Сәрсенұлы оқта-текте сөз арасында Жүністің де, оның ұлы Әділдің де аттарын атап, айтатын жылы лебіздерін сан мәрте құлағым шалған. Міне, Жетісайға барып, тойға қатысқанымда екі-ақ адам сөйледі деген Әділ (бүгін Әбекеңнің жылдық асында менімен бір столда қатар отырған) осы жігіт. Жаны жәннәтта болғыр Жүністің баласы. «Нақты болмаса да, тәуір қызметтер істегеніңнен хабардармын, қазір қайдасың?» – дегеніме Әділ: «Караванда» бас редактор едім ғой. Жақында босадым, әзірге боспын, басқа жұмыстарға ұсыныстар жоқ емес, көре жатармыз», – деді. Ал, оның Жетісайда өткен тойда екі адам сөйледі дегеніне, басқа болмаса да, менің сенбеуіме болмастай бір жағдаяттар бар еді, солар есіме түсіп, осы мақаланың жазылуына түрткі болғанына да енді келмекпіз. Одан бері ширек ғасырдай уақыт өтсе де, бәрі күні кешегідей есте, көз алдымда. Жаз айларының орта шенінде Ташкентте тұратын ет жақыным ұлын үйлендірмек болып, тойға шақырды. Айтылған күні таңғы сағат сегізде ұшақпен жетіп бірден үйіне бардым. Абыр-сабыр. Дайындық. Той  «Ескі Ташкенттегі» ресторанда өтетін болып белгіленіпті. Басталуы сағат алтыда. Үй иесі маған сағат бірге үш министр, бір облатком төрағасы – бәрі өзімен институтта қатар оқыған жолдастары – төрт адамды қонаққа шақырғанын, солармен бірге болуым керегін айтып, оған дейін тынығып ал деді. Қонақтары бір сөзді адамдар екен, дәл айтылған уақытта (әйелдерсіз) келіп, дастарханға жайғасты. Қызметтерін бұлдап, тырысып, маңғазсып, мардымсыған ешбірі жоқ, бірден әзіл - қалжыңды лаулатып, күліп-ойнап, арасында ақ тілектерін айтып, мейлінше қарапайым отырды. Айттық қой, келгендердің үшеуі министр, біреуі Навои облыстық атқару комитетінің төрағасы деп. Министрдің екеуі өзбек, үшіншісі өзбек боп кеткен татар (Асқат Хабибуллаев), облатком төрағасы – ол да өзбектен айырғысыз тәжік азамат екен. Ол кезде әлі одақ тарамаған, өзбекстандық басшылардың жиі ауысып, жетекші кадрлардың біразы орыстан қойылып, Ташкент қалалық парткомының бірінші хатшысы, қала прокуроры  т.б. орыс болған уақыт. Ал, республикалық деңгейдегі мына басшылардың бірде-бірі саясатты сөз етпей артық әңгімесіз, қарапайым қалыптан аспағаны, қазақылық тұрғыдан алғанда, таңданарлықтай еді. Несін жасырамыз, досыңның асын дұшпаныңдай же дегендей, жоғары лауазымды өзбек ағайындардың қысылмай  ішіп-жеп, арақты тартынбай ішсе де, сыр алдырмай сыпайы отырулары назарға ілінбей қалған жоқ-тын. Бәрі табиғи, жарасымды. – Әлі тойға баруымыз керек қой. Біз қайтайық. Қалғанын сонда көре жатармыз,– деді сағатына қараған қонақтардың бірі. Оларды шығарып салдық та, бірер сағаттан соң біз де «Ескі Ташкенттегі» ресторанға бет алдық. Барсақ, той иесінің айналадағы Келес, Сарыағаш, Бостандық, Жетісай аудандары мен Гагарин, Навои қалаларынан шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, құда-жекжаттарының біразы келіп те қалыпты. Кезінде той иесімен есікпе-есік көрші тұрып, кейін ресторан директоры,қалалық қоғамдық тамақтандыру басқармасында бастық, қазір республикада Сауда министрі боп істейтін (маған жақсы таныс) Аброр барлығын тап-тұйнақтай ұйымдастырып, әйелі Халида, ұлы Жиһангер – бәрі осында жүр екен. Әркім қалаған адамымен емін-еркін әңгімелесіп, жайбарақат отырсын деген болса керек, дастархан бірыңғай төрт не алты орындық столдарға жасалыпты. Тыста аптап ыстық болғанмен, ресторан іші қоңыр салқын, қара көлеңкелеу, шағын сахнаның төменгі жағындағы шағын оркестр мүшелерінің театрдағыдай бет-жүздері көрінбей, баяу ойнаған музыка үні жағымды естіледі. Бір ғажабы, алыс-жақыннан келетін қонақтар кешіккен жоқ. Сағат алтыға шақырылса, әрі кетсе он-он бес минуттан соң той басталды. Қыз берген құда – Мырзашөл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Арыстан Шайымов ,құдағиды қосқанда – он шақты адам болып келіпті (бүгінде Астанада тұрады). Жаңадан табысқан бас құданы күту менің парызым болғандықтан, бір столға отырдық. Жоғарыда аталған үш, ресторанда жолыққан бір – барлығы төрт министр мен облатком председателі, Жетісай, Гагарин  қалалары, бірқатар аудан басшыларының  ешбірінің аты-жөндері аталмай, бәрі  жұбайларымен  бірге жұрт қатарлы жайғасты. Қара көлеңке зал. Баяу музыка. Той өтіп жатыр. Тамада жігітке салмақ түскен жоқ деуге болады. Оқта-текте қонақтардың біріне сөз береді де, ол сөзін аяқтаған бойда өзі не басқа бір өнерпаз ән салады, күй тартады. Тамада қазақша мен өзбекшеге ағып тұр. Бірақ, онша көсілмейді. Оның қажеті де болған жоқ. Бұрын-соңды қазақтың той-жиындарында атымен болмаған – пленум, конференция, съездегідей – дүркірете қол шапалақтау дегенді атама. Тойға пәлен келді, түген келді деп әлдекімдерді қолпаштау да жоқ. Кім келсе, ол келсін,  бәрі тең құқылы, қадірлі қонақ. Той – атақ, дәреже түгендейтін орын емес. Халас! Жайбарақат әңгіме-дүкен, әзіл-қалжың. Сахнада – дүние жүзі халықтарының музыкасына сол елдердің биін билеп жүрген – мың бұралған ару қыздар. Арагідік ән-күй (дедік). Сағат алтыда басталып, он екіде аяқталған үйлену тойында ешкім сөйлемеді демейміз, сөйледі. Алты адам сөйледі. Той иесінің сан жағынан молдау тума-туыстары атынан бір адам – Қырғызстанның Ош облысында қырық жыл прокурор  болған ағайымыз (Жүніс Әйтімбетов марқұм) тілек айтты. Министрлердің бірде-бірі сөз айтпады (жарылып кетпегендеріне тәубә. Бірақ, олар қазақ емес қой. Той ауаны басқа екенін түсінді ме, кім білсін, қазақстандық мықтылар да сөз дәметіп тықыршыған жоқ). Мен өз басым екібастан, прокурор ағамыз сөйледі, бітті (деп санадым, әйтпесе...). Ал, біз... Өз елімізді айтамын... Қазақтың тойы олай емес, былай емес, олай өтуі тиіс, былай етуі тиіс, неге өйтпеді, неге бүйтпеді, неге шапалақ аз соғылады деп жылдар бойы жағымыз талмай қақсаудай қақсап, айтудай айтып, күн тәртібіндегі «өткір» мәселені қозғауға жетік басылымдар жарыса жазып, жан сала ойбайласақ та, баяғы жартас әлі күнге сол жартас. Міз бақпайды-ау,міз бақпайды. Тойға мейлі жүз, мейлі бес жүз, мың адам шақырылсын, дөкей-сөкей, мықтымсыған біткенбай-жіскенбай, ауыл-аймақ, кемпір-шал, бала-шаға демей, түгел сөйлемесе, шықпаса, той иесіне қара қазандай өкпелерін былай қойғанда, жылдап болмаса да, айлап айықпайтын ауруға шалдығады. Пәленбай қаржыны қалтаға басып, фонограммамен ауыз жыбырлату, даңғаза, у-шудан түк естімей пұшайман болу, шаршап - шалдығу, той тарқамай жатып тұра қашуды есепке алмағанда. Ал... Ташкентте өткен үйлену тойында жұрт уақытында келіп, уақытында тарады. Шаршап-шалдыққан ешкім байқалмады. Той тарқаған соң төрт министр көлігі жоқтарды жеке көліктерімен үйлеріне жіберіп, өздері машиналарының келуін көшеде күтіп тұрғандарын көрдік, сол әлі күнге көз алдымызда. Сен арам көңіл, бәлкім, мұны ойдан шығарып отыр дерсің. Оны жеке басыңның арына жүктедік. Бірақ, осыларды қағазға түсіріп отырған менде сен ойлағандай бақай есеп, бөтен ниет о бастан болмаған, болған да емес, болмайды да. Өйткені... Ол – Ташкентте өткен қазақтың үйлену тойы еді. Қазақ болғанда, өткен жылы жазда Шымкент қаласында жетпіс алты жасқа қараған шағында өмірден озған өзімнен екі жас кіші туған інім Шәкірдің қазір Астанада тұратын медицина ғылымының доктары, профессор, Өзбекстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі дәрігер ұлы Аманды үйлендірген тойы болатын-ды. Сол тойға куә болған бір құда Махмұт қазір осы Алматыда... Олар аз десең, Ташкентте өткен қазақтың сол бір үйлену тойында тамадалық жасаған талантты әнші Ақжол Мейірбеков те қазір Алматыда тұрады. Онда мен үлкен өнер айдынында енді-енді көрініп жүрген – бүгінгі әйгілі әнші, мақтанышымыз Ақжол інімді сырттай болмаса, мүлде танымайтынмын да, білмейтінмін де. Қазір де, араластығым жоқ.  Тойға шақырған мен емеспін, кім, қалай шақырғанынан  бейхабар болатынмын. Той үстінде де шүйіркелесе қойған жоқпыз. Алайда... Ташкент және сол төңіректегі талай-талай мекендерде үйлену тойы болсын, басқадай болсын, негізінен қалыптан аспай, әдептен озбай, әдемі де әсем, жарасымды өтетін сыңайлы. Оған бұдан төрт-бес ай бұрын Алматылық Әділ Ыбыраевтың Жетісайда өткен тойда бар болғаны екі адам сөйледі дегені де айғақ іспетті. Бұлар, сөз жоқ, жақсы ойларға жетелейді.                                                                                                        Бақыт ОРАЗОВ