Ақтөбеде полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсады
2014 ж. 04 шілде
1617
0
Ақтөбеде көші-қон полициясының инспекторы өзіне қол жұмсады. Өлер алдында ол туыстарына хат жазып қалдырып кеткен.
Марқұмның денесін тауып алған бауыры да ішкі істер органдарында жұмыс істейді, деп жазады Ақтөбе ТАЙМС.
"24 маусым күні кешкі тоғыздар шамасында Хромтау АІІБ жол патрульдік полициясының қызметкері өзінің бауырының асылып қалған денесін тауып алған. 38 жастағы азамат көзі трісінде Хромтау АІІБ көші-қон полициясында жұмыс істеген. Ол жуынатын бөлмеде өзіне қол салған", - делінген хабарламада.
Өзінің соңғы хатында марқұм өмірмен өз еркімен қоштасқандығын және денесіне пышақ тигізбеуін өтініпті. Алдын ала болжам бойынша, полиция инспекторының бұл қадамына отбасындағы ұрыс-керіс себеп болуы мүмкін.