Шымкент тұрғындары 8 жылдан бері құрттаған су ішіп келеді
2014 ж. 03 шілде
1771
0
Шымкенттегі "Құрсай" шағын ауданының тұрғындары құрттаған суды ішуге мәжбүр. Уәде етілген ауыз суды 8 жыл күтіп, өмір нәрін өзіміз сатып алудамыз дейді тұрғындар. Алайда, шіліңгір ыстықта оның өзі борсып, қауіп төндіруде деп хабарлайды 7 арна.
"Көріп тұрсыз ғой бөшкені, соған құйып ішіп отырмыз. Айына 3000 ай сайын, қазір 3500 болды. Астына күн жылығанда құрт пай болып жатыр майда-майда", - дейді "Құрсай" тұрғыны Әсем Тобақабылова. Аудандағы ондаған отбасының да назы осы. Олар қала билігінің уәдесіне сенуден де қалыпты. 8 жылдан бері құрғақ сөзбен қарын тойдырып жүрген қалалықтар, облыстық әкімдіктегі шенеуніктерге лай суды ішіп көруді ұсынды. Күмәнді суды әкімдіктегілер ішуден бас тартып, ауыз су тартып береміз деген уәждерін айтты. "Құрсай" елді-мекені бұрын қалаға қарасты жер бар еді және Сайрам ауданына қарасты. Сайрам ауданының территориясында 2012 жылы жұмыстар атқарылған. Бүгінде магистралды құбыр тартып, су береміз деген жоспар бар", - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Талғат Қосымбеков. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміндегілер ауданда шынымен құбыр жүргізілгенін растады. Бірақ, оны кімнің жүргізгенін өздері де білмей отыр. Оны енді анықтамақшы екен. Егер құбырлар жарамсыз болып шықса, "құрсайлықтар" өмір нәрін тағы екі жыл күтуге мәжбүр болады.