Таксист өзіне-өзі қол жұмсамақ болған әйелге суицидке ыңғайлы жер таңдап берген

Қарағандыда такси жүргізушісі өмірден түңілген әйелге тура жолды көрсетпей, ажал табалдырығына сілтеген.

Азамат, тіпті, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған қарағандылыққа суицид жасауға ыңғайлы жерін де таңдап берген.

Суда құтқару Қарағанды стансасының медбикесі Надежда Дроздецкая: "Ол өзіне-өзі қол жұмсағысы келді. Біздің құтқарушылар тез арада жедел жәрдем шақыртты. Мен өзім не болғанын білмей қалдым", - дейді.

Қарағандыдағы Федоров су қоймасына 55 жастағы әйел такси жалдап келген көрінеді. Көлік жүргізушісіне бар мұңын шаққан әйел, тіпті жолақысын да төлепті.

Ал адасқан жанға дұрыс жол көрсетудің орнына, суицид жасауға ыңғайлы жерін тауып берген азамат, өз жөнімен кете берген. Не полиция бөліміне, не құтқарушыларға хабар бермеген.

Кейіннен белгілі болғандай, өмірмен қоштасуға бекінген әйел отбасылық ауыртпашылыққа шыдамаған.

"Настроениясы болған жоқ. Жылап отырды. Суға барған себебін айтқан жоқ ол", - дейді құтқарушы Данияр Бейсенов. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/320084.html

NUR.KZ