Алматы облысында ұлы әкесін ақша үшін өлтірді

Алматы облысында ұлы әкесін ақша үшін өлімші етіп сабап, тепкінің астына алған. Апталдай азаматтың соққысына шыдамаған егде адам, ауыр жарақаттардан көз жұмды.

Скриншот 31 арнадан

Сорақысы, сатқан жердің ақшасын бөлісе алмаған әке мен бала арасындағы төбелесті кіші ұлдары ұялы телефонға түсіріп тұрған.

Әке мен бала арасындағы жантүршігерлік жаға жыртыс осыдан он күн бұрын болған. Елу біржастағы Сергей Пелепенконы ұлы өлімші етіп сабаған соң, көп ұзамай азамат алған жарақаттарынан көз жұмады. Ал, көмек қолын созғанның орнына сыртынан бақылап тұрған кіші ұлы Станислав, өзінің ұялы телефонына бұл сұмдық көріністі түсіріп тұрған. Ал өз әкесін өлтіріп, қолын қанға бояған ұлы бұл әрекетке ақша үшін барған.  Әкесі мен баласы сатылған жер телімдерінің қаржысын бөлісе алмай, жұдырық ала жүгіріскен көрінеді.

Ал туған баласының қолынан қайтыс болған Сергейдің жары Еленаның айтуынша, күйеуі сабырлы, салмақты болған. Жергілікті мекемелердің бірінде дәнекерлеуші болып жұмыс істеген. Ұлының мұндай қатыгездікке қалай барғандығына әлі де болсын сене алар емеспін дейді. Көз жасын тия алмаған ана, баласының  кінәлі емес екендігін айтады. Оның айтуынша, ұлын біреулер әдейі жалдаған. "Күдікті ретінде, зардап шегушінің туысқаны ұсталды. Қазіргі кезде оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 103-і бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, осы қылмыстық іс Талдықорған қаласының қылмыстық өндірісінде", - дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінде. Қалай болғанда да отбасына түскен қайғылы жағдаймен құзырлы орган өкілдері айналысады. Істің ақ-қарасы да тергеу-тексеру кезінде анықталмақ. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/320060.html

31 арна