Алматыда Қарттар үйінің басшысы зейнеткерлердің үйін тартып алған
2014 ж. 30 маусым
2237
0
Алматыда мемлекеттік қарттар үйінің директоры өзінің қызметін пайдалана отырып, қарамағындағы адамдардың пәтерлерін тартып алған. Кейін ол пәтерлерді сатылымға қойған.
Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне Алматы прокуратура басшысының орынбасары Жандос Өміралиев хабарлады. Қылмыстық іске сәйкес, қарттар үйінің басшысы топ ұйымдастырған.
Топ мүшелері алаяқтық жасауда көмекке келген. Тұрғын үйге рұқсат қағазын алғаннан кейін, басшы өзінің көмекшісі, заңгер, нотариус және ұлының арқасында өзгенің мүлкін өткізген.
Айта кетсек, оның ұлы осыған дейін ауыр қылмыс жасағандығы үшін сотталған.
"Мекеме басшыларының бірі қарт адамдардың жағдайын пайдаланып, оларға міндетті түрде пәтерлерін мекеме атына аудару керектігін түсіндірген. Кейін ол жылжымайтын мүлікті сатқан. Аталмыш оқиға бойынша төрт факті тіркелді", - деді Өміралиев.
Зейнеткерлер өз тұрғын үйлерін міндетті түрде мемлекеттік мекемеге өткізудің қажеті шамалы екендігін білмеген.
"Әйел мен оның ұлы қамауға алынды. Олар ҚР ҚК 177 бабының 4 бөлімі бойынша қылмыс істеген. Біз аталмыш іс бойынша сату-сатып алу келісімінің жарамсыз екендігін жарияладық. Барлық пәтерлер жақын арада иелеріне қайтарылады", - деді Өміралиев.
Өкінішке қарай, жәбірленушілердің бірі әділ шешім шықпай тұрып көз жұмды. Оның пәтер мәселесін сот шешеді.
Қазақстанның Қылмыстық кодексі бойынша алаяқтардың мүлкі тәркіленіп, он жылға бас бостандығынан айырылады.
Almaty.tv