Шымкент тұрғынының полицей көлігінде жүрегі тоқтап қалды

Шымкент тұрғынының полицей көлігінде жүрегі тоқтап қалды. Сотмедсараптама деректеріне сүйенсек, жас жігіт жүрегі тоқтап қалуы себепті қайтыс болған.

Скриншот: КТК арнасы
Скриншот: КТК арнасы

"Қосымша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 308-бабы бойынша (қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғалды". Егер ішкі істер қызметкерлерінің кінәсі дәлелденетін болса, олар жазаларын тартатын болады.

Тұрдықұловтар отбасы Ғұламжанның полиция қызметкерлерінің кінәсінен қаза тапқанына еш күмән келтірмейді. Қайғылы оқиға 22 маусымда түнде орын алған.Үш жас жігіт таңға дейін дәмханада болып, үйлеріне қайтпақшы болған.

"Шағын тар көшеде бізді полицейлер қуып жетті, деп еске алды қаза тапқан жігіттің досы Итияр Якубов. - Алдымыздан "Опель" жеңіл көлігі тежеді. Үш полицей алдымен құжаттарымызды сұрады, сосын "ішімдік ішіпсіңдер, мәселені қалай шешесіңдер?", - деді.

Зардап шеккендердің айтуынша, полицейлер жүргізушінің қолын бұрап арнайы көлікке мінгізіп алған.

"Машинаға жүгіріп бардым. Оны полицейдің бірі қылғындырып жатыр екен, көлік алға жүріп кетті. Одан кейін Ғұламжанға қайта-қайта телефон шалдым, ол көтермеді, кейіннен дәрігер көтеріп оның жансақтау бөлімінде екенін айтты", - деді Ихтияр Якубов.

Досы бірден Шымкент ауруханасына барған. Ол барғанша Ғұламжан қайтыс болып кеткен. Туыстары оның жүрегінің тоқтауына полицейлер себеп болғанына сенімді.

"Дені сау жігіт, өзім де дәрігермін, қаза тапқаннан кейін оның денесін қарап шықтым. Барлық мүшесі сап-сау", - деді қаза тапқан жігіттің туысы И. Райымқұлова. - Енді 25 жасар сіңілім жесір болып қалды. Артында екі баласы қалды. Үлкені 6 жаста, кішісі 4-те. Екі күн бойы балабақшаға бармады, әкеміз апарсын деп оны күтіп отыр".

ОҚО ІІД хабарлауынша, факті бойынша материал тергеу үшін арнайы прокуратураға берілді.