Оралда балабақша қарауылы жұмыс орнында есірткі сатқан

Оралда балабақша қарауылы жұмыс орнында есірткі сатқан. Ал, мектепке дейінгі мекеменің директоры өз қоластында істейтін жұмысшының мұндай жолмен ақша табатынын білмедім деп ақталуда.

44 жастағы ер азамат балабақшада небәрі бірнеше ай жұмыс істеп үлгеріпті. Басшылықтың айтуынша, ешқандай теріс мінезін көрсетпеген.

Ал, тәртіп сақшылары оны тінту барысында үш грамм марихуана тәркіледі. Полиция қызметкерлері күдіктінің расымен де есірткі саудасымен айналысатынына көз жеткізу үшін арнайы операция жүргізген.