Атырауда "дуэльге" шыққан қос жігіттің атысы өліммен аяқталды

20 маусымға қараған түні Атырауда Ескі әуежай ауданында атыс болып, Привокзальныйдың 29 жастағы тұрғыны өзінің Бірінші учаскеде тұратын 28 жастағы оппонентін атып өлтірді.

Атырау қалалық ҚІІБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, кісі өлімі жек көрушілік тұрғысында орын алған. Аңшы қаруымен қаруланған екі жас жігіт әрқайсысы өзінің "қолдау тобымен" бірге алдын ала келісілген жерде кездескен.

Атыс нәтижесінде олардың бірі көз жұмып, екіншісі аяғынан жарақат алды.Жаралы жігіт облыстық аурухананың көмегіне жүгінген. Сол жерден қылмыстық жарақат туралы ақпарат полицияға түсті.

Кезекші тәуліктерде қылмыс ашылып, кісі өлтірілген қару алынды. Күдікті мойындау жауабын берді. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/318858.html

  NUR.KZ