Өскеменде әділдікке қол жеткізе алмаған ата-ана аштық жариялады
2014 ж. 23 маусым
1347
0
Өскеменде әділдікке қол жеткізе алмай, аштық жариялаған ерлі-зайыпты Тарасовтардың ісіне қатысты енді арнайы тергеу тобы құрылатын болды.
Бұл туралы облыс прокурорлары мәлімдеді.
Естеріңізде болса, Владимир және Валентина Тарасовалар өз қайғыларына қоғамның назарын аударту үшін ас-судан біржолата бас тартқан болатын. Олар ұлдарының абайсыз жағдайда қайтыс болғанына сенбейді.
Оның мәйіті 2013-ші жылдың 23-ші ақпанында Шығыс Қазақстандағы демалыс базаларының бірінде табылған болатын. Республика деңгейінде жасалған сот-медициналық сараптама танымал кәсіпкерді біреудің өлтіргенін растамады.
Алайда аштық жариялауға шыққан ата-ана оның заңсыз тұстары бар дегенге сенімді.
"Енді осының бәрі себеп болып отыр ғой. Бәрі қайтадан зерттелетін болады. Сол себептен бұл кісілердің ұсынысы бойынша жедел тергеу тобы құрылды. Сол бәрін тексереді. Ертең ішкі істер министрлігінің жедел тергеу тобы Өскеменге келмек. Одан кейін Владимир және Валентина Тарасовалармен бірлесіп жұмыс жасауға кіріседі", - деді облыс прокурорының бірінші орынбасары Рашид Апеков.