Павлодарлық келіншек үш жылдан бері өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

berdalina1503 Сымбат Бердалина бүгінде өлілер қатарында. Енді өзінің бар екенін, өмір сүріп жатқанын, тіпті дүниеге сәби әкелгенін құжат бойынша растай алмай отыр. Айтуы бойынша, оның сіңлісі қайтыс болады. Ауылдық ауруханадағылар болса, қайтыс болған Қымбатты өлілердің тіркеуіне алар кезде Сымбаттың есімін абайсызда жазып жіберген. Дегенмен, прокуратурадағылардың айтуынша, ісіне салғырт қараған дәрігер тәртіптік жауапқа тартылған. Ал Сымбаттың есімін мәліметтер базасымен салыстырғандар жұмыстан шығып кетіпті. Осы оқиғадан ығыры шыққан келіншек балаларына туу туралы куәліктің өзін ала алмай дал болып жүр. Әділет саласының мамандары бұл мәселені сот арқылы шешуге болатындығын айтқан. nur.kz