Абайсызда анасын көлікпен басып кетті

29060914 Шымкентте ұлы анасын абайсызда көлікпен басып кетті. Құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишениннің сөзіне қарағанда, аталған жағдай Ғани Ильяев көшесінің бойындағы жекеменшік үйде болды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ұлының абайсызда 1958 жылы туған анасын көлікпен басып кеткенін анықтады. "Әйел адам есін жимаған күйі жан тапсырды. Ұлы қатты шошып кеткен", - деді Павел Вишенин. Арнайы құрылғының көмегімен құтқарушылар қаза болған әйелдің мәйітін автокөлік астынан алып шықты. ҚазАқпарат