80 жастағы әжені ұнатқан ата жауапқа тартылды
2014 ж. 16 маусым
2411
0
Астана. 16 маусым. Baq.kz – Жапония полициясы 80 жастағы әжейге қырындап тиіскен 85 жастағы қарияны тұтқындады деп хабарлайды Agence France-Presse. Олар күдіктінің әйелі қайтыс болған ауруханада танысқан.
Такео Нитта әжейге былтырғы жылдың қараша айынан бастап көз сала бастапты. Ол "ғашығының" телефонына қоңырау соғып, әр түрлі хабарламалар қалдырып отырған. Негізінен серуендеуге жиі шақырған дейді тәртіп сақшылары.
Ал, замандасының мұндай әрекетіне түсінбестікпен қараған әжей оған үзілді-кесілді қарсылық танытыпты. Тіпті, полицияға да бірнеше рет шағым айтқан. Алайда, 2 мамыр күні Нитта жәбірленушінің үйіне рұқсатсыз басып кіріп, ғашығын далаға алып шықпақ болған. Мұнан кейін тәртіп бұзған қария қамауға алынды.
Айта кетейік, соңғы уақытта Жапонияда қарт адамдардың қолымен жасалатын қылмыс саны артып отыр. Мұны мамандар елдегі кәрі азаматтардың артуымен байланыстырады. Соңғы 20 жылдың өзінде 65 жастан асқан тұрғындар саны Жапонияда 6 есеге артқан.
http://baq.kz/