Ғаламторда қазақ қыздарының ашық суреттері жарияланды

123652123 Әлеуметтік желілердің бірінде қазақстандық қыздардың ашық-шашық суреттер базасы жарияланды. Арнайы топта адамдар өздерінің қоғамдық орындарда түскен ашық суреттерін жариялайды деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 арна" телеарнасына сілтеме жасап. Әлеуметтік желілердің біріндегі қыздарды әшкерелейтін суреттер салынған "Нысанада" ("На прицеле") тобы күннен күнге әйгілі бола бастады. Мәліметтер базасында қазір ондаған суреттер бар және оларды күніне бір жарым мыңнан астам адам көріп, пікір қалдырады. Бір қызығы ол базаға кіретіндердің басым бөлігі қыздар. Біреулері қараласа, енді бірі "шоуды" жалғастыруды сұрайды және өздері де соған белсенді түрде қатысады екен. Телеарнаның мәліметіне қарағанда, мәлімметтер базасында көшеде кетіп бара жатқан кездейсоқ адамдардың да суреттері жарияланған. Олар ол суреттердің көпшілік талқысына түсіп жатқанынан да бейхабар. NUR.KZ