ОҚО тұрғыны ұрыстан соң әйелі мен қарындасын пышақтап өлтірді

6ce6ded5-7cd4-4ef9-8253-78f97cf13c87 Оңтүстік Қазақстан тұрғыны әйелі мен қарындасын пышақтап өлтірді. ОҚО ІІД хабарлағандай, Сайрам ауданында полицейлер 21 және 19 жасар екі қыздың өлі денесін тапты. Тағы сол жерден түрлі жарақаттармен ер адамның денесі табылды, ол ауруханаға жеткізілді. "Бұл қылмысқа жарақаттанған ер адамның 23 жасар өгей ұлы себеп болған. Жас жігіт ұсталып, өз қылмысын толық мойындады. Ол 21 жасар әйелімен ұрсып қалған. Сол күні кешке ұрыс-керістен кейін күйеуі пышақты әйелінің жон арқасына сұғып алады, содан оны қораға апарып, бірнеше жерден пышақтап өлтірген", - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінен. Аулаға шыққан ол айғайды естіп жүгіріп келе жатқан 19 жасар өзінің кіші қарындасына кезігіп, оны да бауыздап, қораға апарып, екеуін балталап тастайды. Одан кейін ол түк болмағандай бақшаға барып, өгей әкесіне көмектесуге кірісі кетеді. Өгей әкесі сөз арасында оның даушылдығын сынап, бетіне басқан көрінеді. Бұған шыдамаған ол өгей әкесін де қолындағы күрекпен ұрып жыққан. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұтқындалды. ҚазАқпарат