Қарағандыда облыстық департамент қызметкері асылған күйі табылды

1360836400_pdccboj9hnd6gkjk Қарағандыда тоғай арасынан қорғаныс істері жөніндегі облыстық департаменттің қызметкері асылып қалған күйінде табылды, деп хабарлады құқық қорғау органдарынан. Өлі денені сол жерден өтіп бара жатқан адамдар тапқан. 30 жастағы азамат қорғаныс істері бойынша Қарағанды облыстық департаментінің бөлім бастығы болып қызмет еткен. Алдын-ала болжамдарға сүйенсек, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Мұндай әрекетке оны қандай жағдай итермелегені белгісіз. Аталған факті бойынша тергеуалды шаралары жүргізілуде. Ведомствода қайғылы оқиғаға қатысты түсінік бермеді.