Тағы бір жасөспірім із-түссіз жоғалды
2014 ж. 04 маусым
1910
0
Қостанайда кезекті бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті. 15 жасар Гүлмира Салықова 24 мамыр күні үйінен кеткен соң, қайтып оралмаған. Туған-туыс пен оның достары сол кезден бері іздестіру жұмыстарын жүргізгенімен, әзірге нәтиже жоқ.
Үстінде джинсы, қайырмалы бас киімі бар қара күрте, қызғылт футболка, ал аяғында жасыл кроссовка болыпты. Алғашқы бірнеше күн ішінде Гүлмираның жақындары ол үйге оралады деп сенген.Қызды соңғы рет кітапханаға кітап өткізіп жатқан жерінде көрген деп хабарлайды КТК арнасы.
Себебі қыз бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалыпты. Іздестіру жұмыстарына полиция жұмылдырылғанына қарамастан, әлі еш хабар жоқ.
15 жасар қыздың суреттері қала ішінде ілініп, жеткіншектің анасы көшелердегі адамдардан қандай да бір ақпаратты білуге тырысуда.
КТК арнасы